Kazak Grammar ғылыми-ағартушылық қозғалысының ресми подкасты. Мұнда қазақ тілі, лингвистика, этимология, тарих тақырыптары жайында талқы, зерттеулер нәтижесі мен ой-толғаулар болмақ. Тыңдап, бөлісіңіздер
"Kazak Grammar" ғылыми-ағартушылық қозғалысының бірінші бөлімі. Подкаст қонағы - Нұрсұлтан Бағидолла, веб-жасақтаушы, дизайнер, тіл зерттеушісі. Бұл бөлімде қазақ тілінде болған барлық әліпби түрлерін талдадық. Араб жазуы, төте, латын, кирил, тағы да латын. Барлық әліпбидің ерекшеліктерін, артық, кем тұстарын атап, салыстырдық.
"Kazak Grammar" ғылыми-ағартушылық қозғалысының алғашқы подкастын қарсы алыңыз! Подкастың бірінші қонағы - Қанат Нұрбай. Қанат - тарихшы, тіл маманы, жаттықтырушы, қазақ тілінің жанкүйері әрі зерттеушісі. Бөлімде келесі тақырыптар қозғалады: Kazak Grammar неден басталды? Kazak Grammar латын әліпбиіне қалай келгені жөнінде KG қозғалысы - тіл радикалдары ма? Қозғалыстың қазіргі ауқаты, болашағы Қозғалыс аясындағы қауымдастық Подкаспен бөлісіп, баға қойып, шейірлеңіз! Algıs!