Qazaqsha Podcast

Follow Qazaqsha Podcast
Share on
Copy link to clipboard

Мұнда қазақ тілінде подкасттар тыңдай аласыздар. Бұл подкасттарда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Подкасттың тұрақты жүргізушісі: Бэлла Орынбетова

Bella Orynbetova


    • May 9, 2024 LATEST EPISODE
    • infrequent NEW EPISODES
    • 50m AVG DURATION
    • 20 EPISODES


    Search for episodes from Qazaqsha Podcast with a specific topic:

    Latest episodes from Qazaqsha Podcast

    Әкеммен екі кесе шай

    Play Episode Listen Later May 9, 2024 12:43


    Бұл “Екі кесе” подкастының жалғасы іспеттес. Әкемнің шай үстінде адамгершілік туралы айтқан естелігі менің подкаст эпизодымда тұруға тиіс

    Maqala tyñda_Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі

    Play Episode Listen Later May 3, 2022 12:26


    Qazaqsha podcast жаңа айдары "Maqala tyñda" деп аталады. Мұнда қазақ медиасында жарияланған өзекті де сапалы материалдар туралы айтамын. Алғашқы эпизодта журналист Нұртай Лаханұлының Азаттық радиосы сайтында жарияланған «Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі "лагерь" тақырыбын қозғауға құлықсыз» материалы. – Қытайда қалған туыстарымның амандығын білейін деп келдім. Ол жақта бауырларым, ағайын-жұрағатым бар. Естуімізше, онда қиындық көп болып жатыр. 2017 жылы басталған Қытай саясатының салдарынан түрмеге қамалған достарым бар. Сотталып кеткен ерлі-зайыпты таныстарым да бар. Балалары жетімдер үйінде қалды. Сондағы олардың бар қылмысы – намазға жығылғаны, – дейді Ералы. Осыдан кейін ғана Оралтай: "Қазақстанға барғанда әртүрлі әңгіме айтпайсың деп, қолымызды қайырып, талай қағазға қол қойғызды ғой" деді...

    Жақсылық

    Play Episode Listen Later Feb 5, 2022 36:31


    Бұл эпизод біздің өмірде көрген, қанша уақыт өтсе де жылуы әлі кете қоймаған жақсылық туралы. Өздерінің мейірімге, жылуға толы естеліктерімен бөліскен достарым Қаламқас Толымбекқызы, Болатбек Мұхтаров, Айсұлтан Жақыпоы, Аян Қалмұрат, Мейірман Ілес, Назерке Низамудинқызына және есімін атамауды жөн көрген досыма көп алғыс.

    Бейпіл әңгіме

    Play Episode Listen Later Jul 7, 2021 83:20


    Бұл эпизод қазақтың боғауыз, бейпіл сөздері жөнінде. Ұят, мораль шектеуімен қазақтың ауыз әдебиетінің осы саласы ұмыт болып барады. Бейпіл сөздерді жаңғырту көпшілік орындарда бейәдеп сөйлеуді білдірмейді. Бұл әңгіменің де өз орны, аудиториясы бар. Сондықтан да эпизодқа қатысты 18+ жас шектеуін тағы да еске саламын. Эпизод басындағы дисклеймер Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тіліңдегі сөзді синтездеу жобаcымен жасалды. Эпизодта Аршат Қайролланың, "Адаптация" тобының музыкасы қолданылды.

    Ауыл мен қала

    Play Episode Listen Later Jun 29, 2021 72:08


    Балалығымыз ауылда өтіп, қалада есейсек те, біз не ауылдық не қалалық болмадық. Кешегі мен бүгінгі, өзім және өзге, ауыл мен қала туралы эпизод Айсұлтан Жақыповпен)

    Ȁǐel beǐneli saǐasat

    Play Episode Listen Later Feb 18, 2021 40:11


    Саясатпен, азаматтық белсенділікпен айналысатын қыз-келіншектер бір жағынан заңсыздықпен күрессе, екінші қоғамда қалыптасып қалған стереотиптермен де күресуге мәжбүр. Бұл подкаст мақсаты - әйелді киелендіріп, ерлерді тұқырту емес, әсте. Тек ой салу. Подкаст қонақтары: Инга Иманбай, Әсем Жәпішева.

    16 шәйнек шай немесе достардың әңгімесі

    Play Episode Listen Later Jan 16, 2021 52:01


    Бұл эпизод арнайы подкаст ретінде жазылған жоқ. Былтыр, қазан айында Қызылорда қаласына жол түскен болатын. Сондағы бір кездесуіміздің бір ғана бөлігінің аудиожазбасы. Айтпақшы, қонақжай қызылордалық достарым Zhamilya Kassymkhan мен Oskar Gasta көп рақмет.

    10 қала

    Play Episode Listen Later Nov 14, 2020 32:09


    Ғалымжан Оразымбет екеуміз қыркүйек, қазан айларында Қазақстанның он қаласын: Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы аралап, сапарға шығып едік. Осы сапардың дәмін, әсерін ораға салған эпизод.

    Саясаттағы адам

    Play Episode Listen Later Jun 19, 2020 64:27


    Подкаст қонағы - Қазақстандағы санаулы тәуелсіз саясаттанушылардың бірі Шалқар Нұрсейітов. Бұл эпизодта Шалқар белгілі бір саясаткер туралы емес, азаматтық қоғам өкілі, сіз бен біз туралы айтады. Саясатпен айналысу үшін ешкімнен рұқсат алудың, арнайы білім алудың қажеті жоқ. Өзі тұратын мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мұрат ететін кез келген азаматтық қоғам белсендісі осы әңгіменің басты кейіпкері. Саясатанушы азаматтық қоғамдағы "саясатпен" айналысатын адам туралы, оған биліктің көзқарасы, оның құндылықтары туралы пікірін айтады. Біздің азаматтық қоғамға жетпейтіні не, оны біріктіретін, күш беретін не? Радикал оппозиция қайдан шығады? Өзгерістер қашан басталады? осы және басқа да сұрақтарға саясаттанушы жауабын осы эпизодтан табасыз.

    Үрейге толы эпизод

    Play Episode Listen Later Apr 8, 2020 51:57


    "Үрей. Күйзеліс. Паранойя. Психикалық дерті бар адамдардың басынан кешіретін жағдайы осы. Карантин кезінде біз уақытша олардың не сезінетінін білетін болдық. Бұдан былай оларға түсіністікпен қарайтын шығармыз деп ойлаймын"... Бұл эпизодта біз: Сая Бақимова, Ернар Бекенов үшеуміз үрей, қорқыныш сезімдері туралы айтамыз. Үрей қайдан шығады? Оның пайдасы бар ма? Оны қалай жеңуге болады? Сонымен қоса бұл эпизодта Нұрлыбек Зинабдин, Гаухар Раянова, Абылай Амантай, Ғалымжан Оразымбет және Бекзатбектің естеліктері қолданылды.

    Сауат өлшемі. Сіз сауатты адамсыз ба?

    Play Episode Listen Later Mar 25, 2020 65:06


    Сауат деген не? Қатесіз жазу ма, білгеніңді іске жарату ма? Біз өзімізді сауаттымыз деп айта аламыз ба? Ал тұтас халықты ше? Бұл эпизодта медиатренер, медиа зерттеуші Асхат Еркімбай, аудармашы, блогер Асқар Базарбай (Oskar Gasta) және блогер, азаматтық белсенді Ғалымжан Оразымбет біздің заманымыздағы адамның сауат деңгейі туралы ой бөліседі.

    COVID19. Қашықтан жақын араласу

    Play Episode Listen Later Mar 20, 2020 71:29


    Бұл пандемия адамға, қоғамға, сезімге, экономикаға, сенімге сынақ іспеттес. Біз оны қалай қабылдаймыз? Үміт беретін не? Неден қорқамыз? Осы төңірегінде Ғалымжан Оразымбет және Бэлла Орынбетова ой бөліседі. Подкаст барысында айтылған ресурстарға сілтемелер: https://www.coronavirus2020.kz/ Қазақстан бойынша ресми мәліметтер Әлемдік жағдайды қадағалайтын сайт: https://www.worldometers.info/coronavirus/#countries

    Біз қалай ксенофоб болдық

    Play Episode Listen Later Feb 18, 2020 67:26


    Бұл эпизодта Айсұлтан Жақыпов, Meihua Zheng және мен ксенофобия туралы әңгімелестік. Негізі бұл әңгімеге түрткі болған Қазақстанда жыл сайын әр өңірден бұрқ ете қалатын этнос аралық конфликттер. Атап айтқанда 2020 жылдың 5-7 ақпан күндері Қордайда болған оқиға. Бірақ әңгіме тек Қордай төңірегінде емес. Мұнда біз басымыздан өткен жағдайлар, жеке әсерлеріміз, түйген ойларымызбен бөлістік. Бәлкім кей мәселелерге қатысты әлі де ойларымызды өзгертетін шығармыз, кемелдіктің шегі жоқ) Өз пікірлеріңізді бөлісе отырыңыз.

    1 КҮН: АУДАРМАШЫМЕН

    Play Episode Listen Later Feb 3, 2020 45:28


    "Бір күн" подкасты түрлі мамандық иелерінің әдеттегі жұмыс күнін баяндайды. Онымен қоса осы кәсіптің қиындығы мен артықшылығы, оған қатысты қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлер туралы да айтылады. Алғашқы эпизодта аудармашы Гаухар Раянова өзінің әдеттегі күнін сипаттап берді. Аудармашылардың табысы, жақсы аудармашы болу үшін не қажет екенін, "Еркектер қорқақтардың" туындауына қатысты болжамдар және басқа да қызықты дүниелерді біле аласыз. Подкаст жазуға келісімін берген Гаухарға көп рақмет)

    EKI KESE: Жаңа жылдық есеп

    Play Episode Listen Later Dec 30, 2019 61:56


    Подкаст жаңа жыл қарсаңында жазылған еді. Жаңа жыл бұл әдетте жылды қорытындылау, тағы бір жылға есею, өмір туралы ойлау, ғажайып күту, достарыңмен жиналу. Осы подкаст барысында мұның барлығы сөз болады. Екі кесе подкастының қонағы - Ғалымжан Оразымбет.

    EKI KESE: Кәріліктен неге қорқамыз?

    Play Episode Listen Later Dec 16, 2019 37:13


    Қария десе көз алдыңызға кім келеді? Оларға деген көзқарасыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай? Сіз кәрілігіңізді қалай елестетесіз? Қоғамның қарияларға арнап ойып жасаған стереотип шаблонына кіргіңіз келе ме? Eki kese шай үстінде Ғалымжан Оразымбетпен осы жөнінде сөйлескен едік

    EKI KESE: Жақын адамың қайтыс болғанда

    Play Episode Listen Later Nov 11, 2019 47:53


    Бұл подкаст менің сүйікті әпкем Ардаққа арналады... Дүниедегі ең жақын, ең қымбатты адамның өмірден өткенін қабылдау үшін маған үш жыл қажет болды. Қабылдау. Ұмыту емес. Жақындары қайтыс болғанда адамдар неге қайғырады? Меніңше өмірден өткен адамды емес, өзін аяғаннан. Шындап келгенде өмір деген біз ойлағандай қорқынышты дүние емес сияқты. Eki kese подкастының қонағы Гаухар Раянова. Неге Гаухар, неге бұл тақырып екенін подкаст барысында түсінесіз. Сеніңіз, өлімнен кейін де өмір бар...

    EKI KESE: Sayahat, USA & Mongolya

    Play Episode Listen Later Oct 21, 2019 62:03


    Бұл подкастта дизайнер, жас блогер, болашақ жиһанкез Symbatbyek Darigyerkhanuly АҚШ сапары, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы айырма мен ұқсастық, өмірін өзгерткен әдеттер, жақсы адамдар туралы пікірлерімен бөліседі ;)

    EKI KESE: Әкежан Қажыгелдинмен сұхбат

    Play Episode Listen Later May 16, 2019 59:21


    Бұл подкаст мамыр айында Парижде жазылған еді. Әкежан Мағжанұлының елдегі қоғамдық-саяси жағдайына көзқарасы қызықтырды. Сенім, үміт және өкініш туралы Әкежан Мағжанұлының туралы айтқандарын тыңдай аласыз.

    EKI KESE: адамгершілік әлде профессионализм

    Play Episode Listen Later Jan 14, 2019 30:17


    Мінезі ауыр, адамгершілігі жоқ профессионал әлде адами қасиеттері ғажап олақ маман ба? Бір қарасаң адамгершілігі, мінез-құлқы өзінің жеке шаруасы, бастысы өз ісін білсе дейсің. Бірақ "өркениетті батыста" сәл шалыс қадамы үшін төрден көрге кетіп жатқан профилерді көреміз ғой. Ұлтқа қызмет ету сонымен мінезден бе? Бұл туралы әріптесім Ұшқын Сәйдірахманмен сөйлескен едік. Айтпақшы бұл біздің алғашқы подкаст болатын)

    Claim Qazaqsha Podcast

    In order to claim this podcast we'll send an email to with a verification link. Simply click the link and you will be able to edit tags, request a refresh, and other features to take control of your podcast page!

    Claim Cancel