OY-DETOX - менің жеке авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Бұл эпизодта біз зерттеуші Серік Бейсембаев және Ғалым Жүсіпбекпен OY-DETOX AIMAQTAR жобасы аясында өткен фокус-топтарды талқылаймыз. Талдықорған, Қостанай, Орал қалаларындағы тұрғындардың шынайы ойы мен тәжірибесі арқылы бүгінгі Қазақстан қоғамының әлеуметтік көңіл-күйін, адамның қадір-қасиетіне лайық өмір сүру мүмкіндігін, "әлеуметтік әділетсіздік" ұғымы мен экономикалық модель туралы сөз етеміз.Эпизодта көтерілген тақырыптар:- Адами қадір-қасиет деген не?- Жалақы мен әлеуметтік төлемдер неге адамның еркіндігімен байланысты?- Ашық фокус-топтар не үшін қажет?- Мемлекет пен азамат арасындағы сенім қай деңгейде?- Неліктен көп адам елден кетуді ойлап жүр?Бұл тек сұхбат емес — бұл қоғамды түсіну, пікір алмасу талпынысы.
OY-DETOX төрінде жаңа айдар «OY-DETOX | Денсаулық» айдарында денсаулық тақырыбындағы маңызды әңгімелер легін бастаймыз. Енді бұл айдарда денсаулық сақтау саласының мамандары мен сарапшыларымен бірге бәрімізге ортақ өзекті тақырыптарды талқылаймыз.Алғашқы эпизод қонағы — Манар Смағұл, дәрігер-эпидемиолог, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары.Бүгінгі эпизодта антибиотиктерге төзімділік туралы сөз қозғаймыз. Неліктен кейбір дәрілер әсер етпей қалды? Бұл мәселеге біздің қандай қатысымыз бар? Ал оның салдары тек медицинамен ғана шектеле ме? Жауаптарды эпизодтан іздеңіздер. Эпизодта тағы қозғалған тақырыптар:– Микроағзалар неліктен антибиотикке төзімді бола бастады– Өзін-өзі емдеудің және дәріні рецептсіз сатып алудың зардаптары– Вакцинаның орны мен рөлі– Адам, жануар және табиғат денсаулығының өзара байланысы– Күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым әрі тиімді алдын алу шараларыЭпизод тайкады:00:52 - аңдатпа, қонақпен таныстыру02:52 - антибиотикке төзімділік дегеніміз не? Оның экономика мен экологияға әсері08:10 - антибиотикке төзімділік қалай қалыптасады? 14:50 - тұмаудың кезеңдері, күресу жолдары мен қауіп-қатерлер18:33 - балалардың иммунитеті, микрофлорамен қарым-қатынасы және "тым таза ортада" өсудің әсері22:00 - Дәрігер таңдауы, сенім, гугл диагноз және өзін-өзі емдеу28:27 - Онлайн дәрі сатып алу, Рецепттің рөлі, бақылау жүйесі32:20 - жарнамалық үзіліс31:24 - дәрілерді қауіпсіз жеткізу жолдары33:15 - Антибиотикке төзімділіктің өсуі, төзімділік статистикасы және халықаралық бақылау38:35 - вакцинацияға деген көзқарас, оған әсер ететін факторлар мен қоғамдағы пікірлер«OY-DETOX | Денсаулық» айдары kz.apteka.com қолдауымен жасалды. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады. Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ kz.apteka.com инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aptekacom/ Манар Смағұлдың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/manarkasymzhanova?igsh=MTZrZHJzc3pmMWF1Yw%3D%3D
В этом выпуске подкаста OY-DETOX мы говорим о спорте, силе и уязвимости. Гостья — Виктория Графеева, боксерка национальной сборной Казахстана и финалистка чемпионата мира. Мы обсуждаем, как переживать поражения, зачем спортсменам нужна поддержка общества, как развивается женский бокс в Казахстане и почему не стоит судить тех, кто ещё не на пьедестале. Смотрите наш честный и вдохновляющий разговор на YouTube-канале OY-DETOX и слушайте на всех подкаст-платформах.
Бүгінгі эпизодта біз пластик қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері мен оларды қайта өңдеу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғаймыз. Пластик – заманауи тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған материал. Алайда оны тұтынудың артуы экологиялық қауіптерге әкеліп отыр. Осы тұрғыда пластикті қалдық ретінде емес, ресурс ретінде қарастыру – уақыт талабы.Бүгінгі қонағымыз – пластик қалдықтарын қайта өңдеу және олардан жаңа өнім жасау бағытында жұмыс істейтін Rocket Plastic жобасының негізін қалаушы Данияр Бакимов. Әңгіме барысында біз Қазақстанда қайта өңдеу мәдениетінің қалыптасу үдерісі, экологиялық стартаптарды дамыту тәжірибесі және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыру жолдары туралы айтамыз.Rocket Plastic жобасы туралы толығырақ - https://www.instagram.com/rocketplastic/Precious Plastic туралы - https://www.preciousplastic.com/Бұл материал шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab II жобасы аясында дайындалған және автордың жеке көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ, экология тақырыбы бойынша Пакизат Сайлаубекпен болған эпизодты көріп, тыңдауға шақырамыз - https://youtu.be/rngOySPsNHQ?si=UZxkMY-sK-QRDVn4
В этом эпизоде мы поговорили с Тимуром Гафуровым — главным редактором регионального издания «Наша газета» — о том, как сегодня выживает печатная пресса, почему обратная связь с читателями важнее, чем когда-либо, и какую роль играют соцсети в жизни СМИ и власти.Обсудили: - Как устроена ежедневная работа регионального журналиста;- Почему печатная версия газеты всё ещё актуальна;- Как редакция использует искусственный интеллект в своей работе;- Почему чиновники должны быть в соцсетях и реагировать на критику;- Что тревожит независимые медиа в свете новых политических трендов.Таймкоды:00:00 – Приветствие и знакомство с гостем00:29 – Сколько человек живёт в Костанае и чем занимается молодёжь07:34 – Газета «Наша газета»: подписка, продажи и читатели10:58 – Конкуренты «Нашей газеты» и медийный ландшафт города и области15:15 – Команда, каналы коммуникации и топ-5 тем региона25:01 – Табу для журналистов, резонансные публикации и новый закон о СМИ31:25 – Кого читает Тимур Гафуров?42:45 – Какие медиа на казахском языке есть в регионе?47:05 – Каково быть журналистом сегодня? Свобода слова в Казахстане и стоит ли переживать?#oydetoxaimaqtar #oydetox #AinelAmirkhan
Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ғылымдағы әйелдердің рөлі мен олардың жазған кітаптары туралы айтады. Бұл эпизодта Мария Кюриден бастап қазіргі заманғы зерттеуші әйелдерге дейінгі ғылымдағы әйелдердің үлесі мен олардың зерттеулерінің маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми жетістіктерді кеңінен таныту үшін не істеу керектігі туралы ой қозғайды.Егер сіз ғылым, зерттеу, гендерлік теңдік тақырыптарына қызығатын болсаңыз, осы эпизодты көріңіздер, тыңдаңыздар!
В новом выпуске подкаста OY-DETOX мы поговорили с научным журналистом Асей Казанцевой о том, как устроены эмоции, зачем нам нужен эмоциональный интеллект и можно ли контролировать свои чувства.Правда ли, что мы используем только 10% мозга?Почему дети, которые читают книги, лучше понимают эмоции?Как сформировать привычку, и действительно ли для этого нужен 21 день?Почему с возрастом тревожность растет, и можно ли с этим работать?Слушайте полный выпуск, чтобы узнать больше!
Экологиялық үрей, экошейминг, экобелсенділердің жұмысы, қалдықтарды сұрыптау мәдениеті, еліміздегі экологиялық мәселелер – бүгінгі эпизодта осы тақырыптарды көтереміз. Біздің қонағымыз – эколог, экосенбіліктер мен эконауқандарды ұйымдастырып жүрген белсенді маман Пакизат Сайлаубекова.Пакизаттың айтуынша, қалдықты сұрыптау – бизнес. Бірақ біздің елде қоқыстың сапасы өте нашар, оны өңдеу үшін көп су мен электр энергиясы жұмсалады. Егер біз бастапқыда қоқысты дұрыс сұрыптасақ, экологиялық ізі әлдеқайда аз болар еді.Сонымен, Қазақстанда экология қандай деңгейде? Біз экосауатты қоғам болуға дайынбыз ба? Экологияны ойлау – артықшылық па, әлде қажеттілік пе? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға бірге жауап іздейік.Таймкод:00:00 - аңдатпа, қонақпен танысу02:00 - Еліміздегі негізгі үш экологиялық мәселе мен ауа тазалығының деңгейін қалай бағалаймыз?05:50 - экологиялық үрей дегеніміз не?10:11 - экобелсенділер мен зерттеушілердің жұмысы, экосауаттылық маңызы мен климаттық босқындардың артуы15:47 - мектеп жасынан бастап экосауаттылық сабақтарының маңызы, қалдықтардың түрі мен оларды сұрыптау жолдары 20:50 - Қазақстанда ауасы ең таза қала 24:24 - ауа тазалығының жүрек пен қан айналымына әсері 27:00 - экологияны ойлау артықшылық па әлде қажеттілік пе?33:33 - экосенбілікте не қабылданады?40:10 - экошейминг, триггерлер мен экоблогерлер 46:38 - Алматы облысында қағаз өңдейтін зауыттар мен zero waste, 5 R қағидалары 50:20 - әр қазақстандық жылына қанша кг қоқыс тастайды?54:05 - қалдықтарды қалай сұрыптау керек?Пайдалы сілтемелер:Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/Пакизат Сайлаубекованың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/mrs.greenpeace/ "Экология без паники" подкасына сілтеме - https://ecologiya-bez-paniki.mave.digital Recycle бастамасының инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/recycle.birge.qaz/Алматы? Көк түтінге көне береміз бе? (деректі фильм) - https://www.youtube.com/watch?v=1_zgT_6zKrc
В новом выпуске подкаста OY-DETOX говорим о современной ортодонтии: почему правильный прикус важен не только для красоты, какие мифы до сих пор окружают брекеты и элайнеры, и как выбрать действительно хорошего специалиста.Наша гостья — Марина Землянкина, врач-ортодонт Clinic Dr. V. Она делится профессиональным опытом, разбирает сложные случаи из практики и даёт советы тем, кто задумывается об исправлении прикуса.В этом интервью:- Какие проблемы помогает решить ортодонт?- Брекеты vs. элайнеры — что лучше?- Как ухаживать за зубами во время лечения?Инстаграм Айнель Амирхан - https://www.instagram.com/ainelkai/ Инстаграм Марины Землянкиной - https://www.instagram.com/zemmarina_ortho/ #oydetoxaimaqtar #oydetox #AinelAmirkhan
Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ядролық сынақ пен радиацияның әсері мен тигізген зардабы туралы жазылған кітаптарды талқылайды. Шығарылым көрермендерден келіп түскен сұрақтарға жауап беруден басталады. Жалпы OyLab жүргізушілердің кітап оқу барысында алған әсері, уайымы мен сезімдері, туындаған сұрақтарға жауап іздеуі, өзіндік сараптамасы мен бағалауынан тұрады.Таймкод:00:00 – аңдатпа00:55 - көрермендерденкеліп түскен сұрақтарға жауап· Ғылыми танымдық кітаптарды талқылаудыңқажеті не?· Неге қаңтар туралы ауыр тақырыптанбастадыңыздар?· Аудиторияларыңыз кім және негеформаттарыңыз қызықсыз?07:24 – ядролық сынақ пен атом станциялары туралықандай кітаптар бар?09:27 – Тоғжан Қасенованың кітабы не туралы?16:17 – КешірімБозтаевтің кітабындағы қызықты әрі пайдалы мәліметтер23:30 – Жекеадамдардың өмірін жазып алу маңыздылығы туралы26:05 – СәулеДосжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабы32:03 – Светлана Алексиевич, Нобель сыйлығы және«Чернобыль дұғасы»43:10 – Әйнел менБақытгүл көрермен ментыңдармандардан кеңес сұрайды OyLab - зерттеулергенегізделген, ғылыми-танымдық кітаптарды талқылайтын бастама. Кітаптар мен зерттеулерге белсенді сілтемелерді біздің телеграм арнамыздан таба аласыздар - https://t.me/oydetox Сондай-ақ, эпизодты аудио форматта подкаст платформаларынан тыңдай аласыздар:OY-DETOX - https://open.spotify.com/show/2ciWqFGErC0f7b0zPbglIh 1001 Kitap - https://podcasts.apple.com/kz/podcast/1001-kitap/id1500075278 Басқа айдарларымыз
OY-DETOX арнасында жаңа айдар! Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова айына бір рет кездесіпзерттеулерге негізделген, ғылыми-танымдық кітаптарды талқылайтын болады. Ал алғашқы шығарылым Қанды Қаңтарға арналады. Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Осы ретте, Әйнел және Бақытгүл осы уақыт аралығында шыққан кітаптарды талқылайды.Қаңтар туралы шыққан барлық кітапқа сенуге бола ма?Қандай кітаптарды оқыған жөн?Жалпы бұл кітаптар кімге арналған?осы және өзге де сұрақтардың жауабын шығарылымнан таба аласыздар.Таймкод00:00 - кіріспе01:20 - Жақсыбек Құлекеевтың “Ақорда үшін күрес” кітабы не туралы? 08:53 - шығарылымның негізгі мақсаты қандай?10:08 - “Ақорда үшін күрес” кітабы не үшін тек қазақ тілінде шықты? 11:00 - Леонид Млечиннің “Трагический январь» кітабының берері бар ма?14:17 - Азаттық радиосы шығарған “Қанды Қаңтар құрбандары” кітабындағы 23 адамның тағдыры20:06 - “Ескертесіз қасақан оқ ату” баяндамасында қандай мәселелер көтерілген?21:53 - “От Арены до площади” кітабы мен қаңтардағы тұман24:47 - Бигельді Ғабдуллин “Қаңтар” кітабы28:16 - Бұл кітаптар кімдерге арналған?31:31 - Сәуле Сүлейменованың “Алматы аспаны” суреті33:33 - Нұрайна Сатпаеваның “Море споет колыбельную” кітабы36:11 - “Жаңармаған отаным” өлеңдер жинағы38:23 - Жарияланбаған кітаптар. Данияр Молдабеков кітабын шығара ма?40:58 - Елдар Құдайбергеновтың “Қаңтар үні” подкасты
OY-DETOX қонағы - Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Біз Жұлдыз ханыммен саясаттағы және қоғамдағы әйелдер туралы әңгіме өрбіттік. Сондай-ақ, Жұлдыз Досбергенқызы Ақтөбе облысындағы іссапары мен топан судан кейінгі халықтың жағдайы туралы да айтып берді. Жалпы эпизодта келесі мәселелер сөз болды: депутат әйелдер неге аз? қоғам әкім әйелге дайын ба? харассмент және емеурін таныту (домогательство) дегеніміз не? әйелдердің дауысы VS ерлердің мысы осы және өзге де маңызды мәселелер туралы подкаст платформаларынан тыңдап, YouTube арнамыздан көре аласыздар. Таймкод: 00:00 - кіріспе 00:22 - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Алматыға қандай мақсатпен келді? 02:10 - Топан судан кейін Ақтөбе облысының жағдайы қандай? 12:13 - депутат әйелдер неге аз? 14:58 - қоғам әйелді әкім ретінде сайлауға дайын ба? 19:56 - БҰҰ-ның әйелдерге қатысты зерттеуі 22:05 - “әйел әйел болғаны үшін депутат болуы керек деген ойдан аулақпын” 23:10 - Гендерлік бюджет ұғымы 28:25 - саяси додадағы әйелдер мен олардың саяси амбициясы 31:55 - ерекше қажеттілігі бар балалар мен оларды бағып отырған әйелдердің жағдайы 32:58 - әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға арналған “Томирис” бастамасы 36:49 - Ер-депутаттардың көп болуы ондағы аз әйел депутаттың мысын баспайды ма? 40:42 - Антихарассмент туралы заң 45:05 - Алимент өндіру бойынша жоспарлар 49:45 - әйелдерге саясатпен айналысқан қиын ба? Жұлдыз ханымның инстаграмы - https://www.instagram.com/deputat_zhuldyz_suleymenova/ Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
В гостях у OY-DETOX - Шынар Жанибекова, PR-эксперт и CEO агентства диджитал-коммуникаций Media Marketing Мы встретились с Шынар, чтобы обсудить профессиональные вопросы, но разговор получился гораздо более личным и откровенным. Шынар поделилась своей историей о тяжелом бракоразводном процессе, бытовом насилии и тех вызовах, с которыми сталкивается современная женщина, решившаяся на развод. В нашем эпизоде мы обсуждаем: Как будет работать закон по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей? Можно ли достигнуть правосудия без общественного резонанса? Нужно ли работать с абьюзерами? Почему женщине важно работать? Конечно, мы поговорили и о современном рынке PR и SMM, и чем именно занимается возглавляемое Шынар агентство диджитал-коммуникаций Media Marketing. Об этом и многом другом слушайте на всех подкаст-платформах и смотрите нас на YouTube. Instagram Әйнел Әмірхан - https://www.instagram.com/ainelkai/ Instagram Media Marketing - https://www.instagram.com/mediamarketing.kz/ Таймкод: 00:00 - знакомство с гостем 02:10 - абьюз: как это случилось? 09:15 - несправедливость и отношение полицейских к ситуации 11:00 - что случилось после заявления? 13:30 - почему всех удивила эта ситуация? 14:07 - рассказывала ли она родственникам, друзьям? 15:06 - “А есть ли у меня план отступления?” 16:12 - скандал и сломанная нога 18:38 - пост и скандал во время тренинга 20:48 - “Он забрал ключи у детей.” 21:35 - звонок свекрови 22:20 - как делили имущество? 25:07 - есть ли у бывшего мужа законодательные запреты? 27:41 - почему после абьюзивных отношений Шынар осталась справедливой? 32:03 - была ли поддержка со стороны мужчин? 33:02 - повлияло ли на Шынар последнее дело Салтанат Нукеновой? 36:55 - когда появились предпосылки абьюза? 41:20 - “Он залез во двор… у младшего сына паника…” 42:15 - ходил ли бывший муж к психологу? 43:42 - поможет ли работа с абьюзерами? 48:04 - о маркетинговом агентстве Media Marketing 51:50 - как найти хорошее маркетинговое агентство? 55:05 - какой у агентства средний чек? 56:50 - о новом проекте 59:53 - офис в мета-вселенной 01:01:16 - СММ — это картинка?
OY-DETOX қонағы «Мінбер» ақпараттық агенттігінің жетекшісі, SDU ассистент-профессоры Есенгүл Кәпқызы. Биыл Есенгүл ханым негізін қалаған «Мінбер» өзінің 15 жылдығын атап жатыр. Осы келелі датаға орай, біз Есенгүл ханыммен кездесіп, отандық журналистика, жуырда қабылданған масс-медиа туралы заң, ақылы посттар, "қанды блогерлер" мен журналистік этика туралы сөйлестік. Әлбетте, Мінбердің қызметіне де тоқталуды ұмытпадық. Эпизодты тыңдап қана қоймай, YouTube және Spotify парақшаларынан көре де аласыздар. Таймкод: 01:50 - Есенгүл Кәпқызы кім? 06:05 - 1990 жылдар, Моңғолиядағы қазақтар, қандастар мәселесі, көші-қон мен азаматтық алу, елдегі проблемалар 15:15 - Мінбер ұйымы қалай құрылды?, қанша журналист тренинтеріне қатысты және ұйым қандай бастамаларға мұрындық болды? 28:00 - мемлекеттік тапсырыс, донорлық ұйымдар, журналистикадағы білім сапасы мен отандық журналистиканың жағдайы 31:55 - Неге 15 жылда "Мінбер" үлкен ұйымға айналмады? 36:37 - OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 37:58 - Есенгүл ағылшын тілін қалай үйренді? 43:30 - журналистика факультеттерін жабу керек пе? 48:00 - ақылы посттар, cancel culture және журналистік этика 56:30 - Мінбердің алдағы 15 жылға жоспары қандай? Есенгүл Кәпқызы мен Қалима Тәжіқұл «Масс-медиа туралы» Заң нормаларын түсіндіретін вебинарға сілтеме https://www.facebook.com/share/p/tCQzHPyReaHsTGKj/? Мінбердің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/minber.kz?igsh=bjliNDE5ZGNlc2Vz OY-DETOX-тің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox?igsh=azF0YWU3a3M2MmZy OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 1. Патрон арқылы, ол үшін арнайы сайт арқылы тіркеліп, $1-дан $20-ға дейін ай сайын қолдау көрсетіп отыра аласыздар. Толық ақпарат - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 2. "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабын сатып алу арқылы - https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/ #zanmedia #mediaqoldau
Айнұр Майханова - гір көтеру бойынша екі дүркін Азия чемпионы. Айнұр 19 жасында тұрмысқа шығып, дене шынықтыру пәні мұғалімі болу туралы бала күнгі арманын араға 21 жыл салып жүзеге асырған адам. Бүгінде Аралдағы Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді, түрлі спорт додаларына Арал атынан қатысып, жетістіктерге жетіп жүр. Сондай-ақ Айнұр жеке тігін ательесін дамытып отыр. "Өмірді қырық жасыңда қайта бастауға, расында да, болады екен" дейді кейіпкеріміздің өзі. Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
OY-DETOX қонағы - Эверест бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева. Анар - әлем бойынша осы уақытқа дейін Эверест шыңын бағындырған 800-ші, ал Қазақстаннан алғашқы әйел болып отыр. Эвересті бағындыру арманы мен алғашқы болудың салмағы туралы OY-DETOX төрінде сөйлестік. Сондай-ақ, біз Анармен спорт пен альпинизмдегі әйелдердің үлес салмағы, еліміздегі скайранинг пен марафондар деңгейі, Эверестке дайындық және оны бағындыру сәті, қорқыныш пен үміт туралы сөйлестік. Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Анар Бурашеваның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/anar_burasheva/ Бұл эпизод Kingston компаниясымен серіктестікте дайындалды. Kingston - жады карталарын, оперативті жады, SSD жинақтағыштарын шығаратын компания. Біз жұмысымызда былтырдан бері Kingston жинақтағыштарын пайдаланамыз және оның ауыр әрі көлемді файлдарды жылдам көшіру қабілетіне тәнтіміз. Әрі жеңілдігі де, ықшамдылығы да ұнайды. Компания туралы толығырақ Kingston сайтынан таныса аласыздар. Сондай-ақ, шығарылым үшін жүргізушіге киім ұсынған GKost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақ тіліндегі подкастарды тыңдап, отандық бренд киімдерін қиіңіздер. Бренд киімдерін https://www.instagram.com/gkost_basic/ парақшасынан қарап, тапсырыс бере аласыздар. Инстаграм парақшасына жазылған OY-DETOX достарына 15% жеңілдік бар. Ол үшін Әйнел Әмірханның да парақшасына жазылған болу керек.
OY-DETOX қонағы гинеколог-дәрігер Ирина Сугуровамен жасөспірімдердің жыныстық сауаты және әйелдердің денсаулығы туралы сөйлестік. Ирина - жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастық мүшесі, жиырма жылдық тәжірибиесі бар гинеколог-дәрігер. Ұл, қыз өсіріп отырған ата-ана болсаңыз, не жасөспірім жасындағы бауырларыңыз болса, өзіңіз де жыныстық денсаулық мәселесіне қызығып, қандай да бір мәселені уайымдап жүрген жан болсаңыз, онда бүгінгі эпизодымызды міндетті түрде тыңдап, көріңіздер! Ирина Сугурованың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/dr.irinasugurova/ Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Таймкод: 00:00 - аңдатпа 00:28 - эпизод жазуға киім ұсынған Gkost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақша подкастарды тыңдап, отандық брендттерден киініңіздер 00:47 - эпизод Gedeon Rikhter компаниясымен серіктестікте дайындалды 01:15 - эпизод қонағы, дәрігер-гинеколог Ирина Сугурованы таныстыру, Ирина қазақша қайдан біледі? 03:28 - қай жастан бастап балалармен жыныстық сауат туралы айта бастау керек? 05:17 - қыздарға гинекологқа қанша жастан бастап келген дұрыс? 06:31 - ер балалармен жыныстық сауат туралы қалай сөйлесеміз? 08:12 - жыныстық сауат туралы сөйлесу ұят па? 11:15 - Қазақстанда жасөспірімдер қанша жастан бастап жыныстық қарым-қатынасқа түсе бастайды? 14:50 - жыныстық сауап бойынша жедел желі, тегін ақпарат алу мүмкіндігі мен жастарды мазалайтын негізгі сұрақтар 20:37 - жастар денсаулық орталықтары 10-29 жас аралықтарындағы жасөпірімдер мен жастарға тегін қызмет көрсетеді. Ссылканы қосу 21:05 - дәрігерлік этика мен өз дәрігерлеріңді таңдау жолдары 22:19 - жыныстық қарым-қатынас туралы мифтер 23:45 - жыныстық қарым-қатынаспен берілетін аурулар 25:01 - Қазақстанда жатыр мойын обырын алдын алу мақсатында қандай екпе жасалады? Қанша жастан бастап жасаса болады? 26:03 - жылына қанша әйел жатыр мойын обырынан қайтыс болады? 26:55 - екпе мәселесі, қоғамдағы қорқыныш пен оның қажеттілігі 29:53 - отбасыны жоспарлау дегеніміз не? 33:43 - ерлер бедеулігі, инфекциялар мен қазіргі статистика 36:36 - контрацепция қолдану мәдениеті мен ұят мәселесі 39:09 - сақтану жолдары 41:44 - контрацепция бойынша мифтар 43:29 - профосмотр, қыздық пен жеке мәліметтер 47:07 - дәрігерлік этика мен науқаспен қарым-қатынас мәдениеті 48:18 - кейінгі шегірілген аналық пен аналық ұрықтарды сақтау 53:24 - қандай міндетті скринингтардан өту керек? Бұл эпизод Гедеон Рихтер компаниясымен серіктестікте дайындалды. Толығырақ https://www.g-richter.kz сайтынан таныса аласыздар. Гедеон Рихтер - 2020 жылдан бері әйелдерге өз денсаулығыңа қамқорлықпен қарауды насихаттап жүрген ұйым. Осы мақсатта https://www.instagram.com/kwh.kz/ инстаграм парақшасы жасалып, онда әйелдердің денсаулығы туралы пайдалы ақпарат жарияланып келеді. Шығарылым үшін жүргізушіге киім ұсынған GKost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақ тіліндегі подкастарды тыңдап, отандық бренд киімдерін қиіңіздер. Бренд киімдерін https://www.instagram.com/gkost_basic/ парақшасынан қарап, тапсырыс бере аласыздар. Инстаграм парақшасына жазылған OY-DETOX достарына 15% жеңілдік бар.
OY-DETOX қонағы - Жанар Байсеміз, журналист, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы. Эпизодта біз "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақы тәрбие, жетім балалар ұғымдарының салмағы, кәрі қыздар мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі туралы да ой қозғадық. Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://youtu.be/aAYXvboweII Жанардың инстаграмы - https://www.instagram.com/janar_baisemiz/ Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
8 Наурыз - Халықаралы әйелдер күні қарсаңында фембелсенділер Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Албанмен кездесіп, олардың гүл орнына неге митинг қалайтынын сұрадым. Жалпы, әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? Бір айта кететіні, биылғы митинг болашағы белгісіз. Былтырдан бері фембелсенділер әкімдікке әйелдер шеруін өткізуге рұқсат алу үшін оннан астам өтінім жіберіпті, бірақ мерекеге санаулы күн қалса да әлі ала алмай келеді. Осы ретте, Айгерім және Мөлдірмен әкімдіктің шеруден қорқу себебі, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік, саясаттағы әйелдердің репрезентациясы мен миедиадағы феминистердің образы туралы біраз әңгіме өрбіттік. Көріп, тыңдап, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Таймкод: 00:00 - аңдатпа 00:46 - кіріспе, қонақтарды таныстыру 02:00 - әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? 04:40 - жұмыс тобында қанша адам жұмыс істейді? 06:08 - күрес VS мейрам. Күресудің қажеттілігі қанша? 11:54 - Феминизм деген не? 17:38 - Қазақстандағы феминизм портреті, шеру қатысушылары мен географиясы 26:52 - биылғы шеру ұраны мен жағдайы 30:00 - медиа алаңдағы репрезентация, саяси шешімдерге әсер ету мүмкіндігі, өнер адамдары мен депутаттармен жұмыс 51:31 - феминизм туралы ақпарат беретін кино, кітап, медиа тізімі Эпизодты YouTube арнамнан тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw 8Marchkz инстаграмы - https://www.instagram.com/8marchkz?igsh=MXR4bWxvaGM3azlreg== Айгерім Құсайынқызының инстаграмы - https://www.instagram.com/kussaiynkyzy?igsh=dGR0NjBsank1MTd3 Мөлдір Албанның инстаграмы - https://www.instagram.com/moldiralban?igsh=MTdxOW5ibGlzeGR3 Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
"атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабының таныстырылы аясында Астанада да талқы өткізген болатынбыз. Талқыға қонақ ретінде әріптестерім Перизат Мырзахмет, Елдар Құдайбергенді шақырып, Бақытгүл Салыхова спикерлердің бірі, ал мен модаретор болдым. Біз қарапайым подкаст деген не, подкастер деген кім деген сұрақтан бастап, оның формасы, мән-мағынасы туралы ой толғадық. Сұрақ қойып, белсенді болған барша аудитория мүшелеріне алғыс білдіремін. Бақытгүл Салыхова инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/bakytgulsalykhova/ Әйнел Әмірхан инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Alqa Publishing инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/alqa_publishing/ “атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА” кітабын танымал подкастерлер Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан жазып, қалың көпшілік назарына Alqa Publishing баспа үйімен серіктестікте ұсынды. Кітапты Kaspi дүкеннен сатып алуға болады https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/
OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік. Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам тынысы тарылып келеді деген пікірді алға тартады. Осы ретте, петицияларды қабылдаудағы өзгерістер, шетел ұйымдардан грант алатын ұйымдар мен тұлғалардың тізімі, жаңа "Масс-медиа" туралы заң жобасы азаматтық қоғамның жағдайына әсер ете ме деген сұрақ аясында ойлар қамтылды. Таймкод: 00:00 - аңдатпа 00:32 - кіріспе және қонақты таныстыру 02:23 - Үкіметтік емес ұйымда (ҮЕҰ) кімдер жұмыс істейді? 03:18 - ФЕЦА деген не? 06:20 - ҮЕҰ қызметі, "иноагент" ұғымы және оның қоғамға әсері 13:33 - ФЕЦА қандай жобаларға қолдау көрсетеді? 27:35 - "Сіздің дауысыңыз маңызды" жобасы, цифрлық сауат, саяси шешімдер мен ондағы әйелдер мен жастардың үлес салмағы 47:58 - петициядағы өзгеріс пен оның қоғамға әсері 51:04 - шабыт беретін кино, кітаптар мен замандастар 58:34 - "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабы туралы Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=wHOXsZrTNGo ФЕЦА инстаграмы - https://www.instagram.com/efca_kz/ Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Арал сапарында жазып алған екінші эпизодым. Эпизод қонағы - Назерке Маратқызы, "Толқын" Арал аудандық газетінің тілшісі, "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің қызметкері. Сондай-ақ, Назерке 90 000 астам жазылушысы бар YouTube арнаның авторы. Біз Назеркемен аймақтағы гендерлік теңдік мәселесі, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан бастап, YouTube арқылы пайда табу, "ене мен келін" жағдайы, қоғамдық жұмыстың жеке басқа әсері туралы да талқыладық. Назеркенің YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@NAZERKE.94 "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/ Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Жуырда "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен Қызылорда өңірі, Арал қаласына іссапармен барып, әріптесім Бақытгүл Салыховамен бірге "Адвокация және коммуникация негіздері" бойынша бір күндік тренинг оқып қайттық. Келгенімізді пайдаланып, "Тасадағы әйелдер" жобасын түсіріп, подкастымның екі эпизодын жазып алдық. Ал бүгін назарларыңызға "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ибраимова Лаура Қолғанатқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмын. Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай? Өңірде қандай проблемалалар бар? "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігі қандай мәселелермен айналысады? Осы және бұдан да өзге сұрақтарға жауаптарды подкаст эпизодынан таба аласыздар. "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/ Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
OY-DETOX қонағы - Айна Задабек, PR және тіл маманы. Айнамен жылы эпизодымызды міндетті түрде тыңдаңыздар! Маған ерекше ұнаған, іштей қажып жүрген өзім үшін дер кезінде болған әңгіме болды. Қазақ тілі туралы сөйлесуден не үшін шаршамауымыз керек? Тәуелсіздік пен тіл қатар жүретін ұғым ба? Тіл үйрену лайфхактары қандай? Қазақ тіліне жетпейтін не: саяси жігер не адами жігер? Осы және өзге де сұрақтар аясындағы біздің қызықты ой-талқымызды тыңдап, өз пікіріңізді ортаға салыңыздар. Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94 Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Айнаның инстаграмы - https://www.instagram.com/aina_zadabek/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
OY-DETOX қонағы - Асқар Ақшабаев, 1fit негізін қалаушылардың бірі. 1fit - Қазақстанда жылдам өсіп келе жатқан стартаптардың бірі. 1 абонемент алып, Қазақстанның 10 қаласында орналасқан серіктес спорт-залдарының кез келгеніне кез келген уақытта баруға мүмкіндік беретін қызмет. Осы ретте, 1fit негізін қалаушылардың бірі Асқар Ақшабаевпен кездесіп, кезінде бес жігіт қосылып ашқан стартаптың бүгінде жетістікке жету құпиясын сұрап-білуге тырыстық. !!! Эпизод соңында байқау бар! Дедлайн - 31 желтоқсан Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94 Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ 1Fit инстаграмдары - https://www.instagram.com/1fit.qaz/ https://www.instagram.com/1fit.app/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Бұл эпизодты "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық кампаниясына орай жасағым келіп кетті. Соңғы жылдары физикалық зорлық-зомбылық туралы көп айтылып, жазылып жүргендіктен біз негізгі акцентті психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа қойғымыз келген. Алайда мамандар да, медиадағы материалдар мен жан түршіктірер статистикалар да бізді еріксіз физикалық зорлық-зомбылық тақырыбына алып келе берді. Zertteu Research қорының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы мемлекет үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу үшін 4,5 млрд теңге жұмсапты. Мамыр айынан бастап қылмыстық кодексте осы мәселе бойынша өзгеріс енгізілді. Бірақ жағдай неге жақсармай жатыр? Мәселе зорлық-зомбылыққа душар болатын әйелдердің өзінде ме немесе қоғамның немқұрайлы көзқарасында ма, әлде заңның әлсіздігінде ме? Осы тақырыпты тарқату үшін әңгімеге мамандарды тарттық. Шығарылым сарапшылары: 1. Шолпан Әйтенова, Zertteu Research қорының құрылтайшысы 2. Әсел Саду, психолог 3. Дилара Иса, журналист Эпизодтағы мәлімет менің "Тасадағы әйелдер" жобамнан алынды. Егер YouTube-форматта көргіңіз келсе, онда мына сілтемеге өтіңіздер.
OY-DETOX қонағы - танымал интервьюер Тимур Балымбетов. Тимур өз шығарылымдарында зорлық-зомбылық тақырыбын жиі көтеретін замандастарымыздың бірі. Осы ретте, біз Тимурмен қазір қоғамда үлкен дискуссия тудырған тақырып - Салтанаттың өлімі, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың өршуі, бұған ер-азаматтардың позициясы мен әлеуметтік желідегі тараптар қақтығысы мен хайп туралы сөйлестік. Сондай-ақ, Тимур мемлекеттік тапсырыс пен цензура туралы өз ойын ортаға салып, сұхбатқа дайындалу, қонақтарды сүзгіден өткізу, оларды ашудағы әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Эпизодты барлық подкаст платформаларынан тыңдап, YouTube арнамнан тамашалай аласыздар! Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Тимурдың YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@balymbetov OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
С украинской художницей и культурологиней Мариам Найем я познакомилась в Праге, на конференции Unlock. Прослушав ее презентацию на тему Let's talk about Volya, я сразу же решила с ней записать эпизод своего подкаста. Она меня безумно впечатлила и тронула, а каждое ее слово, сказанное с большой сцены вызывало во мне бурю эмоций. Мы поговорили о роли родного языка в деколонизации, войне, русском мире и информационном поле, либеральных СМИ и о себе. Таймкоды: 00:00 - приветствие 01:27 - о презентации Let's talk about Volya 02:47 - когда появилась дилемма на каком языке говорить? 09:38 - что такое деколонизация? 12:25 - есть ли коллективная ответственность? 13:41 - о социальном конструировании реальности и русском империализме 18:47 - методы влияния пропаганды: о сериалах "Папины дочки", "Ранетки" и "Кадеты" 23:05 - как же все таки деколонизироваться? 26:32 - можно ли работать со злостью? 29:52 - нужно ли продолжать говорить, когда тебя не слышат? 37:27 - либеральные медиа, альтернативная информация и суть империализма Инстаграм Мариам Найем - https://www.instagram.com/mariaaamnaiem/ Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/ Благодарю команду https://www.instagram.com/bashtan_bashta/ за съемку
Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім. Эпизодты YouTube арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп, таңдағаннан гөрі оқығанды қаласаңыз, әңгімеміздің бір парасын Forbes.kz сайтынан таба аласыздар! Таймкод 00:00 - кіріспе 01:04 - эпизод қонақтары режиссері Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілдамен таныстыру 04:05 - мемлекеттік тапсырыс, «Хабар», Qazaqstan арналарымен жұмыс істеу барысы, ішкі цензура мен ұлттық идеология 09:00 - «Міржақып. Оян, Қазақ» сериалының туу барысы, актриса Зарина Кармен мен аудио-визуал ұрпақ 11:06 - Ғайнижамал образы неге ашылмады? 15:02 - Гүлнар Міржақыпқызы, Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апай мен патриархал құндылықтардың сарқыншағы 19:55 - тәуелсіздік үшін күрес, автономия, Алаш зиялылары мен тарихи шындық 29:57 - Алаш зиялыларының ұрпағы болу қандай? Самырат Кәкішев, Айман Байсалова, Гүлнар Міржақыпқызы 35:37 - бүгінде кіммен сұхбаттасып қалған дұрыс деп ойлайсыздар? 39:30 - Бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері, Таңшолпан бағдарламасы, продюсер айлығы 40:30 - отбасылық Dream Project пен болашақ жоспарлары 48:09 - Мұрат пен Айсәуле үйде не үшін ұрысады? 01:08:08 - кино нарығы, комедия түсіру ойлары мен өзіңді-өзің мақтауға қысылу синдромы "Міржақып. Оян, қазақ" сериалын көру - https://www.youtube.com/watch?v=Itv4FFNKG_c Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар! Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
OY-DETOX қонағы - дінтанушы Асылтай Тасболат. Біз дінтану ғылымы, ислам құқығы, орамал дауы мен исламдағы әйел орны туралы сөйлестік. - Дінтанушы деген кім? - Қазіргі ислам ақыл-ойы дегеніміз не? - Исламда әйелдің орны қандай? - Ислам модернизмі дегеніміз не? - Бүгінгі орамал дауының себебі қандай? Осы және өзге да сұрақтарға жауапты эпизодтан таба аласыздар. Асылтай Тасболаттың Инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/assyltay_tasbolat/ TEDxAstana-дағы сөзі - https://www.youtube.com/watch?v=ZcZ1H4lMofs Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Түрлі салада бой көрсетіп, маңызды қызметке араласып жатқан әйелдерді табуға болады. Десек те, билікте, шешім қабылдау құрылымдарында әйелдердің үлес салмағы аз. Оның себебі не? Саясатта әйелдердің аз болуына біздің менталитет, тәрбие, салт-дәстүрдің әсері бар ма? Әлде тасада қалу әйелдердің өз шешімі ме? Осы туралы "Тасадағы әйелдер" жобасы аясында дайындалған "Әйел және саясат" шығарылымында ой тарқатып, мәселенің мән-жайын түсінуге тырысып көрейік. Тасадағы әйелдер - OY-DETOX арнасында айына бір рет Internews Kazakhstan қорының қолдауымен шығып тұратын арнайы жоба. Жобаға Әйнел Әмірханның бірнеше жыл бұрын оқыған британдық журналист Кэролайн Криадо Перестің «Invisible Women: Exposing Data Bias in a World Designed for Men» ( Көзге көрінбейтін әйелдер. Неге біз еркектерге ғана ыңғайлы әлемде өмір сүреміз) атты гендерлік мәліметтерге негізделген кітабы арқау болды.
#ӘйнелӘмірхан #OYDETOX #АлияАхметова #женскийбизнес Второй эпизод OY-DETOX на русском языке с Алией Ахметовой, основательницей отечественного бренда Hey, Baby. Мы поговорили - о великих казахстанских женщинах и о том, почему мы так мало о них знаем; - о том, что значит быть мамой сегодня; - о женском и мужском бизнесе; - о важности женской поддержки и о многом другом. Инстаграм Алии - https://www.instagram.com/_aliya_akhmetova/ Инстаграм бренда Hey, Baby - https://www.instagram.com/heybaby.kz/ смотрите эпизод на моем YouTube-канале и слушайте на всех подкаст платформах. Данный эпизод стал возможным благодаря помощи американского народа, оказанной через Агентство США по международному развитию (USAID) и было подготовлено OY-DETOX в рамках Центральноазиатской программы MediaCAMP, реализуемой Internews при финансовой поддержке USAID. Команда OY-DETOX несет ответственность за его содержание, которое не обязательно отражает позицию USAID, или Правительства США, или Internews.
OY-DETOX қонағы - коуч, инфобизнесвумен Роза Әшірбаева. Біз Розамен инфобизнес, инстаграм этика, инстаграмда ақша табу мүмкіндігі, әйел құқығы, қаржы пирамидасы мен қоғамның негізгі проблемасы туралы сөйлестік. Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Роза Әшірбаеваның инстаграмы - https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/ Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. YouTube сілтемесі - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
2023 жылдың алғашқы эпизодын өте маңызды тақырыптардың бірі - білім беру саласына арнап отырмыз. Мен Teach For Qazaqstan қорының басшысы Гүлнара Салменмен білімдегі теңсіздік, балалар кедейлігі ұғымы және Teach For All, Teach For Qazaqstan бастамаларының пайдасы туралы сөйлестім. Сондай-ақ, Гүлнар ұстаздарға, педагогика факультетінің соңғы курс студенттері мен магистрантарына, басқа салада істейтін, бірақ ұстаз болуды армандап жүрген барлық жанға арналған байқау туралы айтып берді. Егер: - қазір сіз мұғалім болып жұмыс істеп, бірақ жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жүрсеңіз, - педагогика мамандығы бойынша оқып жүрген 4 курс студенті болсаңыз, - басқа салада істеп, бірақ осы уақытқа дейін мұғалім болуды армандап жүрген жан болсаңыз, онда 15 ақпанға дейін жалғасатын байқауға сұранымды толтырып жіберіңіз! Толық ақпаратты эпизодтан және Teach For Qazaqstan парақшасынан таба аласыздар! Ал сұранымды мына жерден жүктей аласыздар. Teach For Kazakhstan - Teach For All жаһандық қозғалысының бөлігі. Бүгінде жоба 60 елде жұмыс істейді. Teach For Qazaqstan мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларға сапалы білім алуға көмектесу, білімдегі теңсіздікті жою. Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме - https://youtu.be/E4oyWs9My5k OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Карима Мәлік - 20 жасында 35 мемлекетте болып үлгерді. Оның бәрі тиімді жоспаулардың арқасы дейді өзі. Бүгінде өзі меңгерген тиімді саяхаттың қыр-сырымен өзгелермен де бөлісуде. Біз Каримамен қаржылық сауаттылық, арзан саяхат жолдары, алғашқы миллион, қазақ тілі мен ұлттық код туралы сөйлестік. OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме - https://youtu.be/wGMxI0ca_SI Кариманың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/toop_tiip/
Әйгерім Бегімбет - санаулы фотожурналист қыздардың бірі. Фотоаппаратын арқалап ауыл-ауылды аралап, еңбек адамының өмірін көрсетуден жалықпайды. Әйгеріммен Түркістан төрінде кездесіп, фотожурналистика, Үркер сыйлығы, ауыл өмірі мен еңбек адамы туралы сөйлестік. - фотожурналистика дегеніміз не? - кейіпкерлерді қайдан табуға болады? - фрилансер-журналистің табысы бар ма? - Үркер сыйлығы не үшін берілді? осы және өзге сұрақтар аясында өрбіген әңгімені тыңдаңыздар! OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. Сілтеме - https://youtu.be/5yhxnptdwLI Эпизодты жазуға мүмкіндік берген Түркістан музыкалық драма театрына алғыс білдіреміз.
OY-DETOX қонағы - медиа және кино зерттеуші, журналист Молдияр Ергебековпен журналистік этика, гендерлік теңдік, мемлекеттік тапсырыс пен Дос-Мұқасан фильміндегі олқылық туралы сөйлестік. - Медиа этика дегеніміз не? - Мемлекеттік тапсырыстың пайдасы бар ма? - Қазақ тілі мен қазақ әйелінің тағдыры неге ұқсас? - OY-DETOX TALQY мен гендерлік теңдіктің байланысы қандай? - Құрманай Омарова деген кім? Осы және өзге де сұрақтар аясындағы ой-талқыны тамашалаңыздар! OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан көре аласыздар - https://youtu.be/niG6O195eXo Эпизодты жазуға мүмкіндік берген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасына алғыс білдіремін https://ayu.edu.kz/about/history
Первый гость выпуска на русском языке - Данияр Косназаров, политолог, социолог, исследователь поколений и поп-культуры. Мы с Данияром поговорили о кейсе Рамиля Мухоряпова, самоидентификации и поисках себя, новой этике и о том, что значит быть мужчиной сегодня. Данияр в Инстаграмм - https://www.instagram.com/kosnazzar/ Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/ Посмотреть выпуск можете по данной ссылке на YouTube https://youtu.be/vD_EW6kqDSc
Егер қазір - қандай да бар ізденісте жүрсеңіз, - мамандығыңыз, қызмет істеп жатқан ортаңыз ұнамаса, - орта жолда салаңызды ауыстыруға қорқып жатасаңыз, - мектеп түлегінің ата-анасы, - не биыл оқуға түсе алмаған оқушы болсаңыз, онда осы эпизодты міндетті түрде қараңыздар. Осы және өзге де көптеген сұрақтарға профориентолог Санелай Қуанышбекова жауап береді. Біз орта жолда мамандық ауыстыру машақаты, қорқыныш пен жаңа мүмкіндіктер туралы сөйлестік. Менің арнама жазылып, лүпіл басып, комментарий қалдыруды ұмытпаңыздар. OY-DETOX-ті қолдаушылар қатарына қосылыңыздар - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Санелайдың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/sanel_ay/ Әйнелдің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/?hl=en Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
OY-DETOX-тің кезекті қонағы - YouTube және Tik-Tok продюсері Бекжан Нурадин. Бұл эпизодта біз YouTube-та пайда табу жолдары, контент немесе сапа дилеммасы, хайп қуу мен аудиториямен ойнау стратегиясы, мүгедектік пен мүмкіндіктер туралы сөйлесетін боламыз. Егер контент жасап, YouTube немесе Tik-Tok саласын жаңадан меңгеріп жүрген маман болсаңыз, біздің әңгімемізді міндетті түрде тыңдаңыздар! Менің арнама жазылып, лүпіл басып, комментарий қалдыруды ұмытпаңыздар. OY-DETOX-ті қолдаушылар қатарына қосылу -https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Бекжанның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/bek10ay/?hl=en Әйнелдің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/?hl=en Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
Түрлі ресми мәліметтер бойынша елімізде 4000-ға жуық адвокат бар екен. OY-DETOX қонағы Аида Өтесін еліміздегі ең жас адвокаттардың бірі. Біз Аидамен Мамандықты таңдау, іздену және қолдау маңыздылығы, Бүгінгі таңда елімізде адвокатураның жағдайы, Адвокаттық лицензия алу талаптары, танымал адвокат Джохар Утебековке жұмысқа тұру мүмкіндіктері, қазақ тіліндегі істер, судьялардың деңгейі мен замандастарымыздың құқықтық сауаттылығы туралы сөйлестік. Аида Өтесіннің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aida.otessin/?hl=ru Аида Өтесіннің Фэйсбук парақшасы - https://www.facebook.com/otessinaida Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
- Кино пропаганда құралы ма? - сана-сезімді өзгертетін отандық кино бар ма? - кино көргенде неге назар аудару керек? - ақпараттық соғыс пен тарихи шындықтың аражігін қалай ажыратамыз? - ойланатын кино VS попкорн кино Осы және осы сынды өзге де сұрақтарға жауапты қонағым Әсия Бақдәулетқызымен іздеп көрдім. Әсия - кинотанушы, журналист, бүгінде Куин Мэри университетінің PhD студенті. Біз Әсиямен киносауат, пропаганда, ұлттық код, ақпараттық соғыс, ішкі цензура және тарихи шындық туралы сөйлестік. Әсия Бақдәулеттің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/assiya_baqdaulet/?hl=ru Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
OY-DETOX қонағы Фархад Молдағали өнер сүйер қауымның аузынан түспейтін режиссерлердің бірі. Жақында театр саласында берілетін Еңлікгүл сыйлығында жылдың үздік режиссері номинациясын жеңіп алды. Бүгінде - Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрында көркемдік жетекші қызметін атқарады. Біз Фархадпен театрдағы еркіндік, мемлекеттік қызмет салмағы мен шығармашылық ізденіс туралы сөйлестік. Театр - өмір айнасы ма? Мемлекеттік қызметте жүріп ой мен әрекет тәуелсіздігін сақтауға болады ма? Қаңтар туралы қойылымды күту қажет пе? Жауаптар эпизодта. OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Бұл эпизодты видеоформатта да тамашалай аласыздар, сілтеме - https://www.youtube.com/watch?v=kV_K0oK_MQ0&t=1s Фархадтың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/farhadmoldagali/?hl=ru Мүсірепов театрының сайтына сілтеме - https://teatr-musrepov.kz/?lang=ru
OY-DETOX-тің бұл эпизоды той мәселесіне арналады. - Той жасау керек пе? - Жаңа дәстүр қалай пайда болады? - Беташар мен сәлем салудың қажеттілігі қанша? - Қанша жаста отбасы құрған дұрыс? - Көну немесе күресу? Осы сұрақтарға жауапты антрополог, Ph.D кандидат, қазақ тойларын зерттеп жүрген маман Динара Әбділдадан алуға тырыстым. Біз Динарамен үйлену тойы, оны зерттеу маңыздылығы, салт-дәстүр, ата-ана шешімі мен жастар бақыты туралы сөйлестік. OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Бұл эпизодты видеоформатта да тамашалай аласыздар, сілтеме - https://www.youtube.com/watch?v=kV_K0oK_MQ0&t=1s Динараның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/dinara_abdilda/?hl=ru Эпизодта аталған видеолар: Cooltobe Podcast #7: Үйлену. Алып қашу арқылы отасу қаншалықты легитимді? - https://www.youtube.com/watch?v=mIDI6... Қазақтың тойы бренд пе, понт па? Пандемия тойды өзгертті ме? Той индустриясы бар ма? | Бастаңғы - https://www.youtube.com/watch?v=2AMEY... САНА. Қалыңдық көйлегінің эволюциясы - https://www.youtube.com/watch?v=DRCtg...
OY-DETOX қонағы Еренғайып Қуатайұлы жүгіруге 40 жасында келсе де, айтарлықтай жетістіктерге жетіп, толық марафонды 3 сағатқа толтырмай жүгіретін әуесқой спортшылардың бірі. Ол биыл Бостон марафонына қатысқан 9 қазақстандықтардың қатарында болды. Эпизодта Еренғайыппен жүгірудің пайдасы, әуесқой спорт шығындары, нәтижеге талпынудың құны, сау эгоизм мен тауқұмарлық туралы сөйлестік. Эпизод Екатерина Шатнаяның Shatnaya Team жүгіру мектебінің қолдауымен дайындалды. "Мен не үшін жүгіргім келеді" деген тақырып аясында пікір қалдырып, Shatnaya Team жүгіру мектебінде 1 ай тегін (абонемент құны - 25 000 теңге) дайындалу мүмкіндігін ұтып ал. Байқау Алматы қаласының тұрғындарына арналған және шілденің соңына дейін жалғасады. OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel OY-DETOX ұжымы Автор - Әйнел Әмірхан Монтаж - Илья Мартынов SMM - Ақнұр Тоғайбекова Дизайнер - Дарья Корнеева Эпизод Podcast studio 47 жазылды OY-DETOX - ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтауға көмектесетін подкаст. 2019 жылдан бастап шығады.
OY-DETOX қонағы - @Руслан Меделбек. ЖИҺАНКЕЗ әрі журналист. Біз Русланмен спорт журналистикасы, олимпиада және допинг дауы, әлеуметтік желідегі жеке бренд, саяхаттың адам өміріндегі маңызы мен арзан саяхаттау жолдары туралы сөйлестік. Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта да тамашалай аласыздар. Сілтеме - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Руслан Меделбектің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/rus_medelbek/?hl=en Эпизодта аталған видеоларға сілтемелер: Пекин олимпиадасы. Мәнерлеп сырғанау (қыздар, еркін бағдарлама) https://www.youtube.com/watch?v=wmYLoi8sD-Y This and That ютюб бағдарламасы - https://www.youtube.com/watch?v=mub-YXONxyo Руслан Меделбектің ютюб парақшасы - https://www.youtube.com/channel/UCA-_1KZtZysdXGFRd6IxYUg Azattyq. Пекин-2022 https://www.azattyq.org/a/31675973.html OY-DETOX ұжымы Автор - @Ainel Amirkhan Монтаж - Илья Мартынов SMM - Ақнұр Тоғайбекова Эпизод @Podcast studio 47 жазылды
OY-DETOX қонағы - Гүлназ Қорданова, білім саласының маманы, Connect-Ed, Teach for Kazakhstan ұйымдарының басшысы, Гарвард студенті. Біз Гүлназбен Гарвардқа түсу жолдары, краудфандинг, білім саласындағы теңдік, Connect-Ed ұйымының жұмысы, сонымен қатар, қаңтар оқиғасы, қаржы пирамидасы туралы сөйлестік. Бұл эпизодты видео форматта да таба аласыздар, сілтеме - https://youtu.be/UAWKBXvPoBs Гулназдың краудфандингіне атсалысу - https://www.gofundme.com/f/gulnaz-goes-to-harvard?utm_campaign=p_cp+share-sheet&utm_medium=copy_link_all&utm_source=customer OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Пайдалы сілтемелер: Гүлназдың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/gulnaz.kordanova/?hl=ru Connect-ed - https://www.instagram.com/connected_kz/?hl=ru Teach For Kazakhstan - https://www.instagram.com/teachforkazakhstan/?hl=ru Марина Могилко. Как живут наши в Стэнфорде - https://youtu.be/w9_Vm0U8WVs 7010 подкасты - https://www.youtube.com/user/zarinabuenbai
OY-DETOX қонағы әнші Ақмаржан Көшербаева/Kaliya өзінің қоғамдық жұмысы, "Қыз тағдыры", "Әйелді аяла" жобалары, еліміздегі әйелдердің орны туралы ойларымен бөлісті. Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта да тамашалай аласыздар - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw OY-DETOX-ты қолдау - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Таймкодтар: 00:00 - Кіріспе 02:55 - Қазақ Ұлттық қыздар университетіндегі жазулар 04:40 - «Әйелді аяла» жобасы, Молдияр Ергебеков, медиадағы әйелдердің бейнесі 06:48 - «Қыз тағдыры» әні мен жобасы, өнердегі кризис пен той бизнес 11:05 - Артишок театры, Ұят, Катя Суворова, «Бесчестье» кітабы мен қоғамдағы зорлық-зомбылық 11:30 - жыныстық сауаттылық, жасөспірімдермен жұмыс туралы 19:15 - әйелдердің белсенділігі, гендерлік теңдік, қыздар күні мен зорлық-зомбылық туралы статистика 22:00 - әншілердің, блогерлердің жауапкершілігі, хейт пен жылтыр өмір 23:59 - Тимур Балымбетов, Еркебұлан Мырзабеков, феминизм мен буллинг 30:30 - Шалқар Нұрсейітов, Ирина Кайратовна, Түркістан қаласы, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі 41:18 - феминист әйелдердің бейнесі 48:35 - Cancel Culture, Ұят пен қызыл жіп туралы
OY-DETOX қонағы - Раиса Сайран Қадыр, Steppe & World баспа үйінің басшысы, Хәрри Поттерді қазақша сөйлеткен адам. Раиса Моңғолияда туып-өсті, әлемнің бірнеше елінде тұрып, 2019 жылы отбасымен атамекен Қазақстанға көшіп келді. Біз Раисамен 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні қарсаңында арнайы жолығып, баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы сөйлестік. Эпизодтан: Хәрри Поттерді қазақша аудару себептері мен алғышарттары авторлық құқық дегеніміз не және оны алудың маңызы еліміздегі аударманың жағдайы мен қазақша кітап сапасы Cancel Culture, Жоан Роулиң, Стивен Кинг Қаңтар оқиғасы, Украинадағы жағдай мен болашақ туралы сөйлестік. OY-DETOX-тің осы эпизодын, әдеттегідей, барлық подкаст тыңдауға арналған қосымшалардан және сонымен қатар, ютюбтан да таба аласыздар. Видео OY-DETOX патрондарының қаржылық қолдауы арқылы мүмкін болды. Қолдаулары үшін Бақытгүл, Индира, Зейнелге алғыс білдіремін. OY-DETOX патрондарының қатарына қосылуға шақырамын, сілтеме - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Мұқаба - Дарья Корнеева Видео/монтаж - Илья Мартынов SMM - Ақнұр Тоғайбекова